Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы» облыстық байқауы өтті!

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы» облыстық байқауы өтті!
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы» облыстық байқауы өтті ✅
 
🔸Қонаев қаласында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы» облыстық байқауы өтті.
 
📌Байқаудың негізгі мақсаты – оқыту орталықтарында ересектерге қазақ тілін шет тілі немесе екінші тіл ретінде оқытып жүрген, авторлық бағдарламалары мен тиімді әдістемелері бар оқытушыларды қолдау, ынталандыру және насихаттау.
 
Байқауға Алматы облысының аудандық және ауылдық-округтік филиалдарынан 10 білікті оқытушы қатысты. Қатысушылар үш кезең бойынша өз білім-біліктіліктерін көрсетті.
 
💎 Бас жүлде (300 000 тг және Республикалық байқауға жолдама):
Утепберген Данияр – Еңбекшіқазақ аудандық филиалы 🎉
 
🔹 I орын (250 000 тг):
Сыздыкова Айжан – Шелек ауылдық округтік филиалы 🎉
 
🔹 II орын (200 000 тг):
Оразхан Жасталап – Райымбек аудандық филиалы 🎉
 
🔹 III орын (150 000 тг):
Манапкан Іңкәр – Қарасай аудандық филиалы 🎉
 
🔸 Ынталандыру сыйлықтары (80 000 тг):
•Пачанова Жанар – Іле аудандық филиалы 🎊
•Кожагулова Аяулым – Іле аудандық филиалы 🎊
•Әбдімәлік Назерке – Талғар аудандық филиалы 🎊
 
🎉 Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Қатысушыларға алғыс білдіре отырып, шығармашылық табыс тілейміз!