«Жүрегі жырдан жаралған» — облыстық жазба ақындар байқауы

«Жүрегі жырдан жаралған» — облыстық жазба ақындар байқауы

✍ «Жүрегі жырдан жаралған» — облыстық жазба ақындар байқауы

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған облыстық жазба ақындар байқауы жоғары деңгейде өтті.

Шара ақынның ескерткішіне тағзым етуден басталып, «Тұманбай жыры – өшпес мұра» атты кітап көрмесімен және театрландырылған көрініспен жалғасты. Байқауға қатысушылар ақынға арналған арнау жырларын оқып, оның шығармашылығына арналған өлең жолдарын тебірене жеткізді. Кеш барысында Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған әндер орындалып, көрермен қауым ерекше әсерге бөленді.

🔸 Нәтижесінде жүлдегерлер төмендегідей анықталды:
🏆 Бас жүлде — Нұржігіт Кенжеғали (Балқаш ауданы)
🥇 І орын — Аршын Нұрбақытұлы (Кеген ауданы)
🥈 ІІ орын — Оразхан Жасталап (Райымбек ауданы), Нұржан Жайдар (Ұйғыр ауданы)
🥉 ІІІ орын — Қызырхан Асқар (Жамбыл ауданы), Бағжан Бақбергенұлы және Майра Берікқызы (Талғар ауданы)

🔹 Ақын мұрасын кеңінен насихаттау мен жас буынды рухани тәрбиелеуге бағытталған бұл байқау – елдік пен әдебиеттің қадірін арттырған тағылымды шара болды.