Меню
Страницы

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Жамбыл ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2026 жылғы 30 сәуірде Жамбыл аудандық Мәдениет үйінде «Сөз құндылығы – цифрлық дәуірде» жобасы аясында облыстық іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – цифрлық дәуір жағдайында сөз мәдениетінің, тіл тазалығы мен сөз құндылығының маңызын түсіндіру, жастарды саналы, жауапты және мәдениетті тілдік қарым-қатынасқа тәрбиелеу, интернет кеңістігінде сауатты сөйлеу дағдыларын дамыту.

Шараға Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Салтанат Дауыспекқызы Беспаева, аудан әкімінің орынбасары Ақниет Тұрысбекұлы Туматаев, депутаттар, тіл мамандары, аудан тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, жастар және этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты.

Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Салтанат Дауыспекқызы Беспаева құттықтау сөзінде:
«Қазіргі кезең – технология қарыштап дамыған, ақпарат алмасу жылдамдығы бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен уақыт. Интернет, әлеуметтік желілер мен түрлі цифрлық платформалар қоғамдағы пікір қалыптастырудың негізгі құралына айналды. Осындай уақытта сөздің құндылығы, оның жауапкершілігі мен мәдениеті бұрынғыдан да маңызды бола түседі. Өйткені сөз – тек ақпарат жеткізудің құралы емес, сөз – ұлттың жаны, халықтың рухани айнасы», – деп атап өтті.

Шара барысында қонақтар мен қатысушылар Мәдениет үйінің фойесінде ұйымдастырылған тіл, мәдениет және білім салаларында цифрлық кеңістікті тиімді пайдалану бағытындағы көрмемен танысты.

Шара соңында өңірдегі тіл саясатын жүзеге асыруға айрықша үлес қосқан азаматтар мен мекеме ұжымдары арнайы номинациялармен марапатталды.

Социальные медиа
VK
Twitter
Facebook
Youtube
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты