Меню
Страницы

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2026 жылғы 24 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Тұманбай Молдағалиев атындағы аудандық Мәдениет үйінде «Сөз құндылығы – цифрлық дәуірде» облыстық іс-шарасы өтті.

Іс-шараның мақсаты: Цифрлық дәуір жағдайында сөз мәдениетінің, тіл тазалығы мен сөз құндылығының маңызын түсіндіру, жастарды саналы, жауапты және мәдениетті тілдік қарым-қатынасқа тәрбиелеу, интернет кеңістігінде сауатты сөйлеу дағдыларын дамыту.​ Шараға облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Салтанат Дауыспекқызы Беспаева, Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Мәди Абылайұлы Ахметов, аудан әкімінің орынбасары Ерболат Сарабекұлы Сарабеков, депутаттар, тіл мамандары, ауданның тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, жастар, этно-мәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты.

Салтанат Дауыспекқызы өзінің құттықтау сөзінде: «Қазіргі кезең – технология қарыштап дамыған, ақпарат алмасу жылдамдығы бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен уақыт. Интернет, әлеуметтік желілер мен түрлі цифрлық платформалар қоғамдағы пікір қалыптастырудың негізгі құралына айналды.
Осындай уақытта сөздің құндылығы, оның жауапкершілігі мен мәдениеті бұрынғыдан да маңызды бола түседі. Өйткені сөз – тек ақпарат жеткізудің құралы емес. Сөз – ұлттың жаны, халықтың рухани айнасы - деп атап өтті.

Шара қонақтары мен қатысушылар аудандық мәдениет үйінің жанында орналасқан Тұманбай Молдағалиевтің ескерткішіне гүл қойып, Мәдениет үйінің фоесінде ұйымдастырылған тіл, мәдениет, білім саласына цифрлық кеңістікті пайдалану бағытындағы көрмемен және аудандағы тіл саласына атқарылып жатқан жұмыстарымен қысқаша көрсетілген бейнеролик арқылы танысты.
Шара соңында өңірдегі тіл саясатын жүзеге асыруға айырықша үлес қосқан азаматтар және мекеме ұжымдары арнайы номинациялармен марапатталды.

Социальные медиа
VK
Twitter
Facebook
Youtube
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты