Меню
Страницы

Алматы облысында 2025 жылғы 15 желтоқсан күні «Көп тіл – бір әлем» атты облыстық жиын өтті.

Алматы облысында 2025 жылғы 15 желтоқсан күні «Көп тіл – бір әлем» атты облыстық жиын өтті.

Бүгінгі жаһандану дәуірінде бірнеше тілді меңгеру – тек артықшылық қана емес, заман талабы.
Осы орайда Алматы облысында 2025 жылғы 15 желтоқсан күні «Көп тіл – бір әлем» атты облыстық жиын өтті.
Жиынға облыс әкімі М.Е. Сұлтанғазиев, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Е.Е. Тлешов, аудан, қала әкімдіктері, білім саласының өкілдері, жастар орталығының жетекшілері және облыста көп тіл меңгерген азаматтар қатысты.
Іс-шара өңірдегі тіл саясатын қолдауға, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге, жастардың тілдік әлеуетін арттыруға, облыс бойынша бірнеше тілді меңгерген азаматтарды ынталандыруға бағытталды.
Облыс әкімі М. Сұлтанғазиев өзінің құттықтау сөзінде көптілділіктің бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырудағы рөліне тоқталып, өңір жастарының білімге және заманауи дағдыларды меңгеруге деген ұмтылысын қолдайтынын атап өтті. Ол: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жастар бірнеше тілді меңгеруі қажет» деген пікірі - еліміздің болашағына бағытталған стратегиялық тапсырма. Осы орайда, бүгін ұйымдастырылып отырған шара қоғамдағы рухани келісімді нығайтып қана қоймай, елді дамытатын кадрлық әлеуетті қалыптастыруға зор үлес қосады» - деді.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы
Е.Е. Тлешов мемлекеттік тілді дамыту мен құрметтеуді басты орынға қоя отырып, ағылшын және басқа да халықаралық тілдерді меңгеру арқылы жастардың бәсекеге қабылетті дамыған мемлекет құруға қосар үлесіне тоқталды.
Сомен қатар бірнеше тілді меңгерген облыстың полиглот жастары А.Т. Теменов, Д.Д. Кузиев,
Р.Қ. Алпаров, С.А. Құдайбергенов, К.Миятбек өздерінің тіл үйренудегі тәжірибелерімен бөлісті.
Жиын барысында облыс әкімі бірнеше тілді меңгерген облыс жастарын «Полиглот -2025» номинациясымен марапаттады.
Көп тіл білу – көп мүмкіндіктің кілті. Бірлік пен түсіністікке бастар жол да дәл осы тілдер арқылы қалыптасатыны анық. Сондықтан «Көп тіл – бір әлем» идеясы қоғамды біріктіретін маңызды құндылық ретінде өз маңызын арттыра бермек.

Социальные медиа
VK
Twitter
Facebook
Youtube
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты