Басқарма қызметкерлері Тараз қаласында өткен «Қызғалдақ мұра – 2025» жобалық кеңсесінің фестиваліне қатысты.

Басқарма қызметкерлері Тараз қаласында өткен «Қызғалдақ мұра – 2025» жобалық кеңсесінің фестиваліне қатысты.

«Телекоммуникациялар» бөлімінің қызметкерлері Ағали Е. мен Сұлтанғазы Д. Жамбыл облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Тараз қаласында басталған «Қызғалдақ мұра – 2025» жобалық кеңсесінің халықаралық фестиваліне қатысты.

Фестиваль өңірдің әлеуметтік-мәдени және экономикалық әлеуетін дамытуға бағытталған болашағы зор бастамаларды талқылау және тәжірибе алмасу алаңына айналды. Іс-шара аясында Жамбыл облысының басты символы — қызғалдақты қоса алғанда, табиғи және тарихи мұраны сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Басқарма өкілдері фестивальге белсене қатысып, тұрақты даму стратегиясы аясындағы өз ұсыныстарын ұсынып, «Қызғалдақ мұра – 2025» бағдарламасы аясында креативті жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.