Алматы облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында орнатылған бейнебақылау камераларын өзектендіру мақсатында аудан әкімдіктері, аудандық прокуратура, ішкі істер басқармасы және «Көркем Телеком» ЖШС мамандарының қатысуымен бірлескен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында Алматы облысының Цифрлық технологиялар бөлімінің бас маманы Шапатай Димаш бейнебақылау жүйесін жаңарту бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесу өзара пікір алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және болашақтағы ынтымақтастықты нығайтуға негіз болды.