Алматы облысында интернет жылдамдығы артты: FWA технологиясының арқасында ауылдарда да ұшқыр интернет!

Алматы облысында интернет жылдамдығы артты: FWA технологиясының арқасында ауылдарда да ұшқыр интернет!

Жамбыл ауданы, Сарыбай би ауылында облыс әкімі М.Е.Сұлтанғазиевтің қатысуымен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Ж Мәдиевпен «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Б.Мусинге FWA пилоттық жобасының нәтижелерін таныстыру іс-шарасы өткізілді.  

Қазір ауылда да 500 Мбит/с жылдамдықпен интернетке қосылу мүмкіндігі бар! Алматы облысында ауыл тұрғындарын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мақсатында заманауи Fixed Wireless Access (FWA) технологиясы сынақтан өтуде. Пилоттық жоба аясында Сарыбай би ауылы таңдалып алынды. «Ауыл Телеком» компаниясы орнатқан жаңа жабдықтардың арқасында жергілікті тұрғындар жылдам әрі тұрақты интернетті пайдалануда.

Өмірді өзгертетін технология – FWA

FWA – бұл дәстүрлі әдістер тиімсіз немесе қымбатқа түсетін аумақтарда интернетті жеткізуге мүмкіндік беретін сымсыз технология. Ұзақ жылдар бойы ADSL төмен жылдамдығымен шектелген Сарыбай би ауылының тұрғындары енді 200-300 Мбит/с жылдамдықтағы интернетті пайдалануда. Бұл бұрын ескірген ADSL қызметін қолданған 129 үй шаруашылығының 105-і үшін үлкен жетістік. FWA технологиясы оқу, жұмыс және қарым-қатынас үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартады.

Жаңа өмір деңгейі – жаңартылған инфрақұрылым

FWA-ға көшу тек интернет жылдамдығын арттырып қана қоймай, сонымен қатар инфрақұрылымды толығымен жаңғыртып, ресурстарды үнемдеуге және бейнеконференциялар, қашықтан жұмыс істеу және онлайн білім алу сияқты заманауи онлайн қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

2025 жылы 100-ден астам ауылды және 10 000-нан астам тұрғынды қосу жоспарлануда.