Алматы облысында өткен 8-10 сынып оқушылары арасындағы IT-жобалар байқауының ІІ кезеңінің жеңімпаздары анықталды! Бұл жас таланттардың технология әлеміндегі алғашқы маңызды қадамдары болды.
Жүлделі 1 орынды Қарасай ауданы, О.Жандосов атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Сатинов Мансур «Білім берудегі жасанды интеллекттің жаңа мүмкіндіктері» жобасымен иеленді. Ғылыми жетекшісі Жалғасова Жания Дарьябаевна.
2 орынға Іле ауданы, «№50 орта мектеп» МКМ 9 сынып оқушысы Катунцев Григорий «Искусственный интеллект в сфере здравоохранение» жобасымен ие болды. Ғылыми жетекшісі Амирханова Айнур Адамбековна.
3 орын иегерлері Талғар ауданы, «І.Жансүгіров атындағы №37 орта мектебі» 9 сынып оқушылары Спандияр Ақерке мен Ерлан Назерке. Жоба тақырыбы: «Мұғалімнің ақылды көмекшісі Айдос роботы». Ғылыми жетекшілері Джабаева Айнур Тынышбековна.
Үздік инновациялық жоба номинациясын Қонаев қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №2 гимназиясының 9 сынып оқушылары Макурочкин Максим мен Данилов Данил "Автоматическая кормушка для животных" жобасымен жеңіп алды. Ғылыми жетекшісі Долгополов Константин Викторович.
Көрермен көзайымы номинациясы Райымбек ауданының «Тәліп Мұсақұлов атындағы орта мектебінің» 10 сынып оқушысы Өмірзақ Ақботаға «Қазақ тілін оқытуға арналған ЖИ umaiAL» жобасымен бұйырды. Ғылыми жетекшісі Қали Нұрқанат Нұрбақытұлы.
Жеңімпаздар грамоталармен марапатталып, демеушілеріміз «Көркем Телеком» және «ІТSpace» атынан бағалы сыйлықтар табысталды.
Барлық қатысушыларға олардың еңбегі мен талпынысы үшін алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Жетекшілерге де шәкірттерді дайындаудағы еңбектері үшін демеушілер атынан бағалы сыйлықтар табысталды.
Болашағымызды жарқын етуге үлес қосып жатқан барша оқушылар мен ұстаздарға алғыс білдіреміз!