«109 Біріңғай орталығының байланыс құралдары» тақырыбында брифинг өтті

«109 Біріңғай орталығының байланыс құралдары» тақырыбында брифинг өтті

Ағымдағы жылдың 23 сәуір күні «109 Біріңғай орталығының байланыс құралдары» тақырыбындағы брифингте «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ директорының м.а. Баймулдинов Жәнібек Серікұлы және 109  Біріңңғай байланыс орталығының бастығы Кабакова Алмагуль Болатовна баяндама жасады.

«Алматы облысында Қонаев қаласында  2024 жылғы 7 ақпанында Алматы облысынын біріңғай 109 қызметі ашылып қәзіргі танда өз жұмыстарын жұргізуде. Орталық 24/7 жұмыс істейді.  109 қызметіне қоңыраулар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады.

«109» орталығына мемлекеттік ұйымдар мен коммуналдық кәсіпорындардың 109 қызметке халықтың өтініштерін жедел қарауға қабылдау жөніндегі өзара іс-қимылын айқындайды. «109» арнасына қалалық және мобильді нөмірлерден қоңырау шалуға болады. Қоңырау шалу тегін. «109» қызметінің диспетчеріне әртүрлі мәселелер бойынша жүгінеді және жауаптарын алуда»- деді өзінің баяндамасында Жәнібек Серікұлы.

Бүгінгі таңда «109» қызметіне 3160 өтініш келіп түсті, айта кетсек:

- денсаулық сақтау бойынша анықтамалық ақпарат және т. б.;

- төтенше жағдайлар кезінде (Алматы облысы бойынша);

- эвакуация пункттердің  орналасқан жері және т.б.;

- білім (балабақшалар бойынша сұрақтар);

- инциденттік өтініштер;

- автобустың кешігуі;

- ашық құдықтар;

- жылумен жабдықтау желілерінің жарылуы;

- электр энергиясының болмауы;

- жұмыс істемейтін лифт;

- ветеринариялық станция (қаңғыбас иттерді, мысықтарды аулау);

- жол инфрақұрылымы (жолдардың, тротуарлардың зақымдануы);

- аула аумағын абаттандыру;

- жасыл кеңістіктер (ағаш құлады, кесу) және т.б.;

109 қызметі туралы халыққа жеткізу мақсатында, Қонаев қаласы, Талғар ауданы бойынша коммуналдық қызметтердің жөндеу, авариялар туралы ақпаратты орналастырады және қабылдайды.

Сонымен қатар, тұрғындар фото және видео материалдармен

-Instagram: @109konaevkz, 

-WhatsApp: 8 771 7 109 109

-Тelegram bot: https://t.me/konaevhelp  арқылы өтініш бере алады.