Қазақстанда IT саласы белсенді дамып келеді

Қазақстанда IT саласы белсенді дамып келеді

Қазақстанда IT-саланы дамытудың оң серпіні байқалады. Бұл резиденттердің, «Астана хаб» стартаптарының саны, шет елдерге IT-қызметтер экспортының өсуі бойынша байқалады. Қазақстанда жасанды интеллекттің дамуы экономика мен қоғамды жаңғырту стратегиясының контекстінде барған сайын маңыздырақ бола түсуде. Жалпы алғанда, жасанды интеллекттің негізгі трендтері қазір цифрлық егіздер, чат боттар, компьютерлік көру, инновациялық дәрі-дәрмектерді әзірлеу, генеративті жасанды интеллект және т.б. сияқты қызықты жобаларға бағытталған.

Қазақстанда IT-компаниялардың қалыптасқан экожүйесінің, цифрландырудың арқасында жасанды интеллекттің бірқатар табысты қолданылуы бар. Мысалы, медицина саласында Cerebra стартапы Қазақстанның 50 клиникасында қолданылады, Өзбекстанға экспортқа шықты, АҚШ — та, Таяу Шығыста белсенді жұмыс жүргізуде.

Алматы облысы бойынша «Цифрлық көшірме», «Жеке меншік балабақшаларға арналған интеллектуалды биометриялық сәйкестендіру» жобалары, бейнебақылау камераларын орнату, облыс мектептеріне робототехника пәндерін енгізу т.б. бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Осылайша, цифрлық технологияларды білім беру процесіне, медицинаға, қауіпсіздік мәселесіне және т.б салаларға интеграциялау, қоғамның барлық топтары үшін жаңа мүмкіндіктердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге көмектеседі.