Google Қазақстан көшелерімен виртуалды серуендеу функциясын қосты.

Google Қазақстан көшелерімен виртуалды серуендеу функциясын қосты.

Компания Қазақстанда Street View сервисін іске қосты. Бұл функция әлемнің 100-ден астам елінде қол жетімді.

Google Maps сервисі туристерге Қазақстанның қызықты тарихы мен сәулетімен танысуға ғана емес, сонымен қатар заманауи қала көшелері мен табиғи ландшафттардың атмосферасына енуге көмектеседі.

Панорамалық суреттер 42 мың шақырымнан астам жол жүрген Street View пикаптарының көмегімен түсірілген. Зерттеушілер ірі қалалардың панорамаларын, аз қоныстанған тыныш бұрыштардың жолдары мен көшелерін және әртүрлі пейзаждарды түсіре алды. Енді Google-карталарда Семей, Ақтөбе, Алматы, Шымкент және Астана сияқты қалаларды көруге болады.

Сондай-ақ, Сарыағаш, Шымкент және Тараз сияқты қалалардың егжей-тегжейлі бейнесін жасау үшін Ұлы Жібек жолы алдын ала зерттелген болатын. Компания бұл қалалар «сауда жолында шешуші рөл атқарғанын» атап өтті.

Street View Астанадағы «Бәйтерек» монументінің, «Нұр Әлем» футуристік мұражайының аумағында серуендеуге, Теміртаудағы Металлургтер мәдениет сарайына немесе Ақтөбе қаласындағы Орталық мешітке баруға мүмкіндік береді.