Алматы облысының «Цифрлық көшірмесі» жобасы 2022 жылдан бастап цифрлық технологиялар басқармасымен және KazAeroSpace компаниясымен жүзеге асырылып жатыр.

Алматы облысының «Цифрлық көшірмесі» жобасы 2022 жылдан бастап цифрлық технологиялар басқармасымен және KazAeroSpace компаниясымен жүзеге асырылып жатыр.

Жобаның негізгі мақсаты әкімдіктің және оның құрылымдық бөлімшелерінің ішкі процесстерін, аналитикалық және бағдарламалық түрде визуализациялау мүмкіндігі бар кеңістікте облыстың Цифрлық көшірмесін жасау арқылы өзара іс-қимыл процестерін оңайлату болып табылады. Бүгінгі күнге цифрлық көшірмеде визуализация, модельдеу және деректерді талдау мүмкіндігі бар 24 тақырыптық карта жасалған. Тақырыптық карталардың ішінде автомобиль жолдарының карталары, 3D карталар, бас жоспар, және т.б. бар.

Алматы облысының барлық 10 ауданы мен 33 елді мекені және инженерлік желілердің (электр, газ, телекоммуникация, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріз) жүйесі цифрлық түрде жасалды.

Цифрлық көшірме карталарының дәлдігі 10-15 см-ге дейін жетеді, бұл жобалау, салу және басқару кезінде тиімді әрі жедел ақпарат алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жоспардан тыс Алматы облысының 1033 мәселелері картасы құрастырылды. Картадағы деректерді талдау тапсырмаларға тиімдірек басымдық беруге және жедел араласуды қажет ететін аймақтарды анықтауға ықпал етеді.

Азаматтар пікірлер қалдырып, өз бақылаулары мен ұсыныстарымен бөлісе алады, бұл ашық контурда жариялау кезінде халықтың хабардарлығын арттыруға мүмкіндік береді.

 Жалпы жобаның берер мүмкіндіктері:

➢ инфрақұрылымды геокеңістіктік талдау арқылы жобалық құжаттаманы әзірлеу бөлігінде бюджеттік шығыстарды оңтайландыру;

➢ төтенше және басқа жағдайларда жедел шешім қабылдау уақытын қысқарту;

➢ автомобиль жолдарының интерактивті картасындағы талдау арқылы жол қауіпсіздігін арттыру;

➢ инженерлік желілердің цифрлық карталары негізінде коммуналдық қызметтердің үйлесімділігі арқылы төтенше жағдайларды азайту;

➢ әр түрлі даму сценарийлерін модельдеу арқылы инвесторларға ықтимал тәуекелдер мен кірістерді бағалау болып табылады.