Соңғы уақытта интернет-алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Алаяқтар өздерін банк қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, байланыс операторлары немесе басқа ұйымдардың мамандары ретінде таныстыруы мүмкін.
Алаяқтық әрекеттерден қорғану үшін төмендегі ұсынымдарды сақтау қажет:
• ЖСН-іңізді, банк карталарының деректемелерін, CVV-кодтарын және SMS-кодтарын бөгде адамдарға хабарламаңыз;
• күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және бейтаныс адамдардың өтініші бойынша қосымшаларды орнатпаңыз;
• өзін мемлекеттік органның немесе банктің қызметкері ретінде таныстырған адамдардың нұсқауымен ақша аудармаңыз;
• банк карталарыңызды және банк шоттарыңызды үшінші тұлғаларға бермеңіз;
• ақпараттың дұрыстығын тек ресми дереккөздер арқылы тексеріңіз;
• мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдарының қызметкерлері телефон арқылы жеке деректерді, құпиясөздерді және растау кодтарын сұрамайтынын есте сақтаңыз.
Күдікті қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, құқық қорғау органдарына немесе қызмет көрсететін банкке тікелей хабарласу қажет.