
Интернет-алаяқтық жағдайларының жиілеуіне байланысты азаматтарға цифрлық қауіпсіздік қағидаларын сақтау қажеттігін еске саламыз.
Қазіргі алаяқтар азаматтарды алдау мақсатында телефон қоңырауларын, мессенджерлерді, әлеуметтік желілерді, жалған сайттарды және жасанды интеллект технологияларын белсенді қолдануда. Қаскөйлер мемлекеттік органдардың, банктердің, құқық қорғау органдарының немесе байланыс операторларының қызметкерлері ретінде таныстырылып, жеке деректерді, банк карталарының деректемелерін, SMS-кодтарды және өзге де құпия ақпаратты алуға тырысады.
Алаяқтардың құрбаны болмау үшін:
• SMS-кодтарды, құпиясөздерді және банк карталарының деректерін бөгде адамдарға хабарламаңыз;
• бейтаныс адамдардың нұсқауымен ақша аудармаңыз;
• күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
• ақпараттың шынайылығын тек ресми дереккөздер арқылы тексеріңіз;
• банк карталарыңыз бен шоттарыңызды басқа адамдарға бермеңіз;
• алаяқтық әрекеттер байқалған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.
Мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдарының қызметкерлері телефон арқылы жеке деректерді, банк шоттарының реквизиттерін және растау кодтарын сұрамайтынын еске саламыз.
Азаматтарды қырағы болуға, цифрлық қауіпсіздік шараларын сақтауға және туыстары мен таныстарын интернет-алаяқтықтың жаңа түрлері туралы хабардар етуге шақырамыз.
Интернет-алаяқтықтың алдын алу жөніндегі бейнематериалдармен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми әлеуметтік желідегі парақшаларында танысуға болады:
https://www.instagram.com/reel/DYekk4qM5Zf/?igsh=YnlmOWpkNXJkZ2lx
https://www.instagram.com/reel/DY4AVXLslDC/?igsh=MXdocHZsM294b290MQ==
https://www.instagram.com/reel/DYoZdwGsFss/?igsh=eXR1MWIzdGpubjVu