Жасанды интеллект технологияларын кәсіби қызметте қолдану: оқыту семинарлары жалғасуда

Жасанды интеллект технологияларын кәсіби қызметте қолдану: оқыту семинарлары жалғасуда

Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы ұйымдастыруымен «Кәсіби қызметте жасанды интеллект технологияларын қолдану» тақырыбындағы оқыту семинарлары кезең-кезеңімен жалғасуда.

Оқытудың екі кезеңі аясында семинарларға мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының, құқық қорғау құрылымдарының өкілдері, сондай-ақ мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар жасанды интеллект технологияларының түрлі саладағы мүмкіндіктерімен танысып, AI құралдарын күнделікті жұмыс барысында тиімді пайдалану жолдарын талқылады. Сонымен қатар, цифрлық шешімдерді жұмыс процестеріне енгізу, ақпаратты өңдеу, құжаттармен жұмыс істеу және қызмет тиімділігін арттыру бағыттары бойынша тәжірибелік ақпарат ұсынылды.

Семинарлар барысында мемлекеттік басқару, білім беру және құқық қорғау салаларында жасанды интеллектті қолданудың перспективалары қарастырылып, цифрлық құзыреттер мен цифрлық сауаттылықты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Аталған оқыту семинарлары мемлекеттік органдардың цифрлық трансформациясын жеделдету және заманауи технологияларды тиімді енгізу мақсатында алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасатын болады.

Барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары және цифрлық дағдыларды дамытуға қызығушылық танытқандары үшін алғысымызды білдіреміз.