
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Мұсалиев Досжан Уалдинұлы 2026 жылғы 24 ақпан күні сағат 14.00-де Қонаев қаласының Мәдениет үйінде Алматы облысы тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Сағат 15:30-да Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды жеке қабылдайды (мекенжайы: Қонаев қаласы, Жамбыл даңғылы, 13/1).
Жеке қабылдауға жазылу, сондай-ақ сұрақтар мен ұсыныстарды қабылдау 8 702-338-99-90 телефон нөмірі арқылы жүзеге асырылады (жұмыс күні сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін).
Тұрғындармен кездесудің онлайн-трансляциясы Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ресми YouTube парақшасында тікелей эфирде жүргізіледі.
Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және вице-министрге сұрақ қоюға шақырамыз!
Министрліктің негізгі қызмет бағыттары: жасанды интеллект, телекоммуникация және байланыс, электрондық үкімет және мемлекеттік қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік.