Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің
тәуекелдерін болжау орталығы азаматтарды әлемде қарқын алып жатқан
жаңа киберқауіп туралы ескертеді.
Шетелдік дереккөздерге сәйкес («Department of Motor Vehicles» (АҚШ)
https://www.dmv.ca.gov/portal/dmv-scam-alert/, «Комсомольская правда» https://www.yar.kp.ru/online/news/6556683/?utm_source=yxnews&utm_medium=desktop&utm_referrer=https%3A%2F%2Fdz , зиянкестер Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жалған қаулыларды жаппай жіберіп жатыр.Хаттар мен хабарламалар электрондық пошта мен мессенджерлерге жіберіледі және жүргізуші, көлік нөмірі туралы деректерді және «айыппұл төлеуге» сілтемені қамтиды.
Шын мәнінде, бұл фишингтік шабуыл. Банк картасының деректерін
енгізген кезде сіздің шотыңызға толық қол жеткізіледі және барлық
қаражатты ұрлау мүмкін. Жекелеген жағдайларда сілтемеде құрылғыдан
жеке деректерді ұрлауға арналған вирусты қамтиды.
Бүгінгі күні, шабуылдар Ресей мен АҚШ-та тіркелген, сондықтан
мұндай схеманың Қазақстанда таралу қаупі бар.
Әкімшілік айыппұл салу туралы ресми хабарламалар тек 1414 қысқа
нөмірінен келіп түседі және төлем сілтемелерін қамтымайды. Салынған
айыппұлдар туралы ақпарат egov.kz арқылы банктердің мобильді
қосымшаларына да берілетінін естеріңізге саламыз.
Егер сіз 1414 нөмірінен айыппұл туралы хабарлама алсаңыз және онда
төлем сілтемесі болса – ол бойынша өтпеңіз! Бұл алдау! Мұндай
хабарламаларды алаяқтар жібереді!
Ұсынамыз: