Басқарма қызметкерлері мемлекеттік қызметшінің жұмысында жасанды интеллектіні тиімді қолдану бойынша AI Qyzmet базалық курсынан өтті. Оқыту барысында күнделікті қызметтік міндеттерді автоматтандыру, еңбек өнімділігін арттыру, деректерді талдау және басқарушылық шешімдер қабылдау үшін ЖИ-ді пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды. Курсты сәтті аяқтаған тыңдаушыларға тиісті сертификаттар табысталды.
Аталған оқыту мемлекеттік органдар қызметіне заманауи технологияларды енгізу және цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған.