Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады
Іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, инфрақұрылым, өнеркәсіп және сауда саясаты, агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған орта, сыртқы саясат және инвестициялар; экономикалық және қаржылық саясат, цифрландыру, әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам сынды 6️ негізгі сала бойынша жүргізіледі. Кандидат тіркелу кезінде көрсетілген салалық бағыттардың бірін таңдауы қажет.
Үміткерлерге қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады: іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5️ жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер 6️ кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтуі тиіс.
Құжаттарды қабылдау 2️0️2️5️ жылдың 1-30️ маусым аралығында pkrezerv.gov.kz ресми платформасында онлайн режимде жүзеге асырылады.
Ұлттық комиссияның отырысының қорытындысымен үздік 5️0️ кандидат Президенттік жастар кадр резервіне қабылданады.