ТАЛДЫБҰЛАҚ АУЫЛЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

ТАЛДЫБҰЛАҚ АУЫЛЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
ТАЛДЫБҰЛАҚ АУЫЛЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
Талдыбұлақ ауылдық округінде «Тaзa Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тұрғындардың қатысуымен кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды.
Тазалық жұмыстары шаруа қожалықтарына су жеткізетін маңызды нысан — Р-3 каналының бойында жүргізілді. Бұл шара ауыл экологиясын жақсартуға және су арналарының еркін ағысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Іс-шараға ауыл тұрғындары мен округ әкімдігі бірлесе атсалысып, табиғатқа жанашырлық танытты.
Тазалық – баршамызға ортақ міндет!