📍 Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті
Талғар ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Айбек Дүйсембекұлының төрағалығымен кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі кезекті комиссия отырысы өтті.
Отырыста аудан әкімдігі мен полиция басқармасына келіп түскен 4 іс қаралды.
Комиссия қорытындысы бойынша, аудан әкімінің орынбасары комиссия мүшелеріне нақты тапсырмалар беріп, кәмелетке толмағандардың ісі бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.
Балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты бақылауда.