Челлендж: «БАТЫРДЫҢ ҰРПАҒЫМЫН»

Челлендж: «БАТЫРДЫҢ ҰРПАҒЫМЫН»

Челлендж: «БАТЫРДЫҢ ҰРПАҒЫМЫН»

 

Биыл елімізде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кең көлемде аталып өтілмек. Санаулы күндер қалған ұлы күнге арналған іс-шаралар легі басталып кетті. Өйткені бұл  тарихтағы жай ғана күн емес, бейбітшілік үшін күрескендердің өлшеусіз ерлігін, батылдығы мен батырлығын тағы бір мәрте еске алатын ерекше сәт.  Болашағымыз үшін құрбан болған миллиондаған адамдарды еске түсіру үшін, әрбір қазақстандық бұл мерекені Отанға деген сүйіспеншілігінің нышаны ретінде атап өтеді. Талғар ауданы да қалыс қалмай, аудандық ішкі саясат бөлімінің, білім бөлімінің және жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мен батырдың ұрпағымын» атты патриоттық челлендж ұйымдастырылды.

Челленджтің негізгі мақсаты –  Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр бабалардың ерлігін ұлықтау, жастар арасында патриоттық рухты көтеру және тарихи жадымызды сақтау. Ерекше челленджге белсене қатысқан аудан жастары үлкен батылдық пен төзімділіктің ерекше үлгісін көрсеткен аталарымыз бен әкелерімізге құрмет көрсетті.  «Біз әрқашан аға буынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігін, жастарды ерлік мен патриотизм рухында тәрбиелеуге қосқан өлшеусіз еңбегін ұмытпаймыз», — дейді жастар.