Талғар қаласының әкімі сайланды

Талғар қаласының әкімі сайланды
Талғар қаласының әкімі сайланды.
 Халықтың сенімі мен қолдауына ие болған Арыстанбек Әбілқайрұлы 15 желтоқсанда Талғарға өткен әкім сайлауында жеңіске жетті.
Сайлау қорытындысы бойынша қала әкімі болып Арыстанбек Әбілхайрұлы сайланды. Қалған кандидаттар арасында Жәнібек Қаденов 1875 дауыс, ал Әлібек Рамазанов 1140 дауыс жинады.
Аудан әкімі Таңат Есенкелдіұлы жаңадан сайланған Талғар қаласының әкіміне жұмыста сәттілік тілеп, қала тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту жөніндегі жоспарлар мен бастамаларды қолдайтынын мәлімдеді.
Арыстанбек Әбілхайрұлының негізгі сайлауалды бастамалары:
* Экономика: инвесторларды тарту, жаңа жұмыс орындарын құру және шағын бизнесті қолдау.
* Инфрақұрылым: 2026 жылға дейін 20 көшені жөндеу, жаңа көпір салу, 2028 жылға дейін таза ауыз сумен қамтамасыз ету.
* Әлеуметтік сектор: "Талхиз" мұражайын ашу, №2 мектебін жөндеу және халықтың осал топтарын тұрақты тұрғын үймен қамтамасыз ету.
* Қоғамдық қауіпсіздік: бейнебақылау камераларын орнату, көшелерді жарықтандыру және жаяу жүргіншілер жолын жаңарту. Қала әкіміне маңызды міндеттерді орындауда табыс тілейміз!