«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы

«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы

Алматы облысының тұрғындарына!

«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы Қазақстанның барлық ірі қалаларында әзірленуде.

            Алматы облысының әкімдігі ағымдағы жылдың 30 мамырында сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін Қонаев қаласында және өңірдің барлық аудан орталықтарында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы басталатынын хабарлайды.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.

Акцияны ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

«Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар алғысын білдіруде. 2016-2023 жылдар аралығында акцияға 8000-нан астам үздік сарапшы және мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзыретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 165 000-нан астам азамат консультация алды.

Акция форматының Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ әлемде ауқымы мен географиясы бойынша теңдесі жоқ.

 

            Бұл акция төменде көрсетілген мекенжайлар бойынша өткізілетін болады:

 

Аудандар

Өткізу орны

Жауапты тұлға

Телефон

1.

Балқаш

«AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облысы Балқаш аудандық филиалы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі 75

Тынышбалаев Ислам Кадірбекұлы

87772062413

2.

Еңбекшіқазақ

Халыққа қызмет көрсету орталығы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Абай көшесі, 314а

Мұсаханов Райымбек Кенжебайұлы

87075775790

3.

Жамбыл

Халыққа қызмет көрсету орталығы,Ұзынағаш ауылы,Саурық батыр көшесі, 198«б»

Төлеуқұлова  Айнұр Сатыбалдықызы

87768020203

4.

Іле

Халыққа қызмет көрсету орталығы, Өтеген батыр ауылы, ул.Жансугурова, 94

Ахментаев Марат

87015615675

5.

Талғар

Талғар қаласының Мәдениет үйі, Талғар қ., Рысқұлов к-сі, 98

Абдалимов Нуржан Диханбекович

87029874636

6.

Қарасай

Каскелен каласында Мәдениет үйі, Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесі,

№ 40

Амирханова Умит Адиловна

87757451500

7.

Кеген

Халыққа қызмет көрсету орталығы, Кеген ауылы, Б.Момышұлы көшесі, 19 «а»

Сарыбаев Дархан Нурасилович

87773450907

8.

Райымбек

Б.Мұқай атындағы аудандық мәдениет үйі, Нарынқол ауылы, Өмірзақов көшесі, № 60

Керимбаев Ернат Сайлаубаевич

87051373901

9.

Үйғыр 

Халыққа қызмет көрсету орталығы,Шонжы ауылы,Қасымбеков көшесі, №75

Окас Мира Окасқызы

87076823346

10.

Қонаев қ.

Қонаев қаласының орталық алаңы

Нұрсултанова Сауле Кайырылқызы

87017771464