«Спутник» жазғы лагерінде «Балалар өрттерге қарсы» акциясын өткізілді

«Спутник» жазғы лагерінде «Балалар өрттерге қарсы» акциясын өткізілді

 Талғар ауданының ТЖБ қызметкерлерімен балалардың қауіпсіздігіне қатысты бір қатар кең ауқымды іс-шаралар өткізді. Су тасқыны салдарынан зардап шеккен Ақтобе қаласының балалары Талғар ауданына жіберілді. Жаңа ерекше жағдайда, лагерь жұмысшыларының және тәлімгерлердің бақылауымен, балалар мектеп бағдарламасына оқытылып, жаңа өмірлік тәжірибе алып дағдыларын арттырады. Талғар ауданының ТЖБ прокуратура органдарымен бірлесе және еріктілерді тартумен, балаларды азаматтық қорғау саласында оқыту мақсатымен, «Тау Туран» балалар сауықтыру лагерлерінде «Балалар өрттерге қарсы» акция өткізді, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысы туралы айтылды, балалардың жарақаттануының алдын алу бойынша, табиғатта және шомылу маусымында демалу уақыты, балалардың отпен ойнауы, жаппай және түнгі объектілерде өрт қауіпсіздігінің алдын алу тақырыбтарда дәрістер-әңгімелер өткізілді, сонымен қатар, өрт кезінде өрт сөндіргішті қолданудың мысалы ретінде нұсқаулық өткізілді азаматтық қорғау саласындағы көрнекі құралдар таратылды. Сондай-ақ балалар жүзуге уйретілді. Балалар азаматтық қорғау органдарының жұмысына қызығушылық танытты, үлкен жасөспірімдер үшін М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау Академиясяна оқуға түсу ұсынылды.

 

Алматы облысының Баспасөз қызметі