Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді

Облыс әкімінің кезекті халықпен кездесуі Талғар ауданы, Бесағаш ауылдық округінде өтіп, өңір басшысы тұрғындардан түскен ұсыныстар бойынша ауданның дамуы мен атқарылған жұмыстарға тоқталды. Кездесуге келген тұрғындар саны 300-ден астам адамды құрады.

Облыс әкімі Талғар ауданында тұрғын үй құрылысын ұлғайтуды тапсырды.

Кездесу барысында облыс әкімі негізгі міндеттердің бірі – халықты баспанамен қамту екенін айтты.

Облыс әкімі биылғы жылдың соңында Талғар қаласында 216 пәтерге арналған 3 кредиттік үй қолданысқа берілетінін атап өтті.

Сонымен қатар аймақ басшысы мұнда 9 мыңнан астам тұрғын үй кезегінде тұрғанын айтып, бұл халықтың ішкі көші-қонының өсу көрсеткіштерінің бірі екенін алға тартты.

«Бұл мәселеге ерекше назар аудару керек, өйткені халықтың тұрғын үй ұсыныс санынан асып кетуі аудан тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатына әсер етуі мүмкін», – деді өз сөзінде.

Аталған мәселелерге байланысты өңір басшысы аудан әкіміне тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайтуды және жеке тұрғын үй құрылысына қажетті инженерлік инфрақұрылымы бар дайын алаңдарды қамтамасыз етуді тапсырды.