Жаңа тау шаңғысы курортының ашылуы

Жаңа тау шаңғысы курортының ашылуы

5 қаңтар күні Бесқайнар ауылдық округінде жалпы ауданы 85 гектар болатын "Ой-Қарағай-Лесная сказка" спорттық — отбасы үлгісіндегі жаңа жыл бойғы тау шаңғысы кешені ашылды. Тау шаңғысы кешені күніне бес мың келушіге есептелген, кешен аумағында Шаңғы, скейтборд, үрлемелі камераларда сырғанауға арналған әр түрлі күрделіліктегі 15 арнайы жолақтар қарастырылған. Сонымен қатар, демалушыларға өз қызметтерін әр түрлі ұлттық тағамдар бар 6 мейрамхана және 99 орындық қонақ үй ұсынады. Тау шаңғысы курорты жыл мезгіліне қарамастан әрекет етеді. Яғни жазда шаңғы трассалары велосипедпен жүретін болады. Осылайша, курорт туристердің жыл бойы демалатын орны болады. Кешен теңіз деңгейінен 1500-1800 метр биіктікте орналасқан. Алдағы жылдары 13 километрлік сырғанау жолағының ұзындығын 40 километрге дейін жеткізу жоспарланып отыр.