
МАЛДЫҢ ТАБЫЛҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті Талғар ауданының тұрғындары!
Талғар ауданы Кайнар ауылдық округі әкімінің хаты негізінде, «Алтын Диірмен корпорациясы» АҚ-на тиесілі жер учаскесінде, Талғар ауданы Кайнар ауылдық округі, Жалқамыс ауылы мекенжайында жүргізілген комиссиялық тексеру барысында қараусыз қалған ауылшаруашылығы жануарлары (жылқылар) анықталды.
Қазіргі уақытта аталған жануарлар «Байсерке Агро» ЖШС-нің уақытша күтіміне орналастырылды.
Осы жануарлардың иелерінен Талғар ауданы Кайнар ауылдық округі әкімдігіне мекенжайы: Талғар ауданы, Кайнар ауылдық округі, Еркін ауылы, Школьная көшесі, 2А хабарласуларын сұраймыз.
Телефон: 8 (72774) 75-0-36.
Өтініш беру кезінде жануарларға меншік құқығын растайтын құжаттарды өзіңізбен бірге алып келу қажет.