
2026 жыл 20 наурызда «Талғар ауданы әкімінің аппарат» ММ -сі Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің 2025 жылғы есебі туралы жария талқылауын өткізді
Мемлекеттік қызмет жүйесін электронды форматта жетілдіру және оған азаматтардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үкімет алдында тұрған маңызды стратегиялық міндеттің бірі болып табылады.
Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер — жеке мемлекеттiк функцияларды iске асырудың бiр түрi. Ол қызмет алушылардың өтiнiшi бойынша жекеше турде олардың құқықтарын, бостандықтары мен қаржылы және қаржылы емес заңдылықтарға сәйкес және тұлғаларға қызмет көрсетудi iске асырудың өмір сапасы болып табылады.
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет екендігін атап өтті.
Әкімдікте мемлекеттік орган жұмысының жаңа моделі, халыққа «бір терезе қағидаты» бойынша әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша мемлекеттік қызметтер мен кеңес беруге, көмек алуға мүмкіндік береді. Бұл бағытта 2025 жылдың 12 айында ЕГОВ арқылы 1956 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, 1899 тұрғынға консультация берілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік органдар ықпалдастырылған «ИИС ЦОН», «Адресный регистр», «Е-лицензия», «Е-акимат» ақпараттық жүйелерімен қатар электронды үкіметтің веб-порталы қолданылады.
Халыққа қызмет орталығына келушілерге, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін толық жағдай жасалған. «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы кез-келген мемлекеттік қызметті электронды түрде алуға, қажет болған жағдайда аудан басшыларымен онлайн қабылдау бұрышы арқылы тікелей байланысқа шығуға мүмкіндік бар.
«Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасына сəйкес, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында электронды түрде қызмет көрсету заман талабына сай қарқынды дамуда.
Қазіргі таңда аудан бойынша 63 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Оларды аудан әкімдігінің 23 құрылымдық бөлімшелері көрсетеді, яғни аудан әкімінің аппараты, 11 аудандық бөлім, Талғар қаласы әкімінің аппараты және 10 ауылдық округ әкімдерінің аппараттары.
Талғар ауданында барлық мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік – құқықтық актілерін тікелей басшылыққа алады.
2025 жылдың 12 айында 67588 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде қағаз түрінде – 2381, (2024 жылдың 12 айымен салыстырғанда - 1264, бұл 88,4% артық) (2024 жылдың 12 айымен салыстырғанда - 59537, бұл 13,5% артық), оның ішінде жеке тұлға - 66584, заңды тұлға –1004).
Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі арқылы-25562, яғни 37,8% (ИСГО) болса, Электрондық үкімет порталы, яғни eGov.kz.(ПЭП) арқылы-44069 яғни 65,2%,
Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО, ЦОН) - "бір терезе" қағидаты бойынша электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар бойынша- 8357 яғни 12,3% пайызда мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 11 бабының 12 тармағына, «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығына және Талғар ауданындағы жергілікті атқарушы органдарындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатындағы аудан әкімінің 2025 жыл 11 желтоқсан 06-49 өкіміне сәйкес, бақылау іс-шаралар жоспары жасалып, бкітілді. Осы бағытта мемлекеттік қызметтерді көрсететін қызметкерлердің сапасын арттыру бойынша 12 мемлекеттік ішкі бақылау және 7 ішкі байқау жүргізілді. Сонымен қатар, 8 мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер барысында біліктілігін арттыруда оқудан өтті.
Ішкі бақылау кезінде 51 бұзушылықтар орын алып, 6 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылды(«Талғар ауданының жер қатынастар бөлімі» ММ, («Талғар ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ, «Белбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, «Нұра ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, «Қайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, «Бесағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі).
Ақпарат үшін: Сондай-ақ, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерде орын алған заң бұзушылықтардың басты себептері : Көрсетілетін қызметті берушімен жұмыс кестесін сақтамау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімдері, көрсетілетін қызметті алушылардың орналысу жерлерінде және мемлекеттік корпарацияда мемлекеттік қызметтердің стандарттарында көзделген қажетті құжаттар тізімі мен олардың толтыру нысандарының үлгілерінің болмауы, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыратындығы, мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз ету сақтамалмаған.
Аудан әкімдігінің сайтында мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілетін қызметтердің ережесі «Электрондық үкімет» порталына кіруге белсенді сілтемелер, қызмет алушыларға кеңес беру үшін қызмет көрсетушілердің байланыс деректері, мемлекеттік қызметтердің тізімдері орнатылған.
Сонымен қатар, «Алатау Жұлдызы», «Іле шыңы», газеттерінде 50ге мақалалар, 14 тікелей эфирлер, жеке парақшаларында 28 видеороликтер жарияланды, аудан әкімдігінің 11 бөлімі және Талғар қаласы мен 10 ауылдық округ әкімдерінің аппараты өздерінің жеке парақшаларында мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жарияланымдар шығарылды.
Аудандық Қоғамдық кеңес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингтеу бойынша 4 - шара ұйымдастырып, мемлекеттік қызмет көрсету түрі бойынша жеке тұлғалардың сұранымдарын қанағаттандыру бағытындағы атқарған жұмыстарына монитортинг жүргізді. Алайда, нақты ұсынымдар болмады. Осы жылдағы шараларға мемлекеттік қызметтер сапасын жақсартудағы орын алған кемшіліктерді жою керектігін, ауыл тұрғындардың мәселесін дер кезінде шешілуін және арыз-шағымдарына уақытысында жауап берулеріне т.б мәселелер бойынша айрықша көңіл бөлу керектігі басты назарда болатыны ескеруіміз қажет.
Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандус орнату мәселесі еліміздегі «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңында анық көрсетілген. Сондықтан олардың қоғаммен етене араласып, қажетті нысандарға емін – еркін кіріп шығуына қолайлы жағдай жасау әрбір мекеме, ұжым басшыларының басты міндеті болып табылады. Біздің басты мақсатымыз – мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау. Көпшілік мекемелерде пандус орнатылғанымен талапқа сай жасалмаған. Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүмкіндігіне сай жағдай жасау – баршамаздың міндетеміз.
Мүгедектерге арналған пандустарды орнату кезінде олардың қауіпсіздігі мен пайдаланудың ыңғайлылығына ерекше назар аударылады.
Талғар ауданы бойынша 2025 жылдың мемлекеттік қызметтерді көрсетуде туындаған мәселелер мен кемшіліктерді қарау жөніндегі ведоствоаралық комиссияның жұмысы бойынша 15 мемлекеттік органдарға тексеріс жүргізілді.
Тексеріс барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және қолжетімділігін қамтамасыз етуді бақылау бойынша арнайы жұмыс тобының ұсыныстары мен кемшіліктерді жою бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жұмыс тобының нәтижесінде көрсетілген кемшіліктерді және бұзушылықтар туралы тиісті мемлекеттік органдарға ұсынымдар жіберілді.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік орындардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығы зор.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында тұрғындардың өтініштерін қанағаттандыру, мүмкіндігі шектеулі жандар мен барлық қызмет алушыларға ыңғайлы үнемі жағдай жасау болып табылады.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта 2023 жылдың 1 шілдесінде енгізілген ЖМБМК жүйесі жер және құқықтық кадастрлық деректерді біріктіру арқылы жылжымайтын мүлік және жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу процесі іске қосылды.
Жылжымайтын мүлікке техникалық құжат пен жер учаскесі актісін бір құжатқа, яғни кадастрлық төлқұжатқа біріктіру – негізгі өзгерістің біріне айналды.
ЖМБМК заманауи цифрлық экожүйесі екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары және платформалармен интеграциялану арқылы қолжетімділікті қамтамасыз етті. Айта кету керек, ЖМБМК еліміздің цифрлық инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болып саналып, азаматтарға жаңа мүмкіндіктерді ашады.
Жалпы, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады.
Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты – азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау.