Интернет-алаяқтықтан қалай қорғануға болады

Интернет-алаяқтықтан қалай қорғануға болады

         Соңғы уақытта интернет-алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Алаяқтар өздерін банктердің, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік органдардың, байланыс операторларының және басқа да ұйымдардың қызметкерлері ретінде таныстыруы мүмкін.

         Алаяқтық әрекеттерден қорғану үшін төмендегі ұсыныстарды сақтау қажет:

  • бөгде адамдарға ЖСН-іңізді, банк карталарының деректемелерін, CVV-кодтарын және SMS-кодтарын айтпаңыз;
  • күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және бейтаныс адамдардың өтініші бойынша қосымшаларды орнатпаңыз;
  • өздерін мемлекеттік органдардың немесе банктердің қызметкерлері ретінде таныстырған адамдардың нұсқауымен ақша аудармаңыз;
  • банк карталары мен шоттарды үшінші тұлғаларға бермеңіз;
  • ақпараттың дұрыстығын тек ресми дереккөздер арқылы тексеріңіз;
  • мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдарының қызметкерлері телефон арқылы жеке деректерді, құпиясөздерді және растау кодтарын сұрамайтынын есте сақтаңыз.

         Күдікті қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, құқық қорғау органдарына немесе өзіңізге қызмет көрсететін банкке хабарласыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
11 июня 2026