ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің ақпараттық қызметі туралы

ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің ақпараттық қызметі туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (Бұдан әрі – Комитет) Комитет жанындағы телефон байланысы арқылы халықпен тиімді диалогты арттыру мақсатында Ақпарат қызмет жұмыс істейтінін хабарлайды.
Ақпараттық қызмет құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелер бойынша жұмыс күндері 9:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) консультациялық қызметтер көрсетеді.
Құрылыс мәселелері бойынша байланыс телефондары – 8 (7172) 57-65-52, тұрғын үй және тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша – 8 (7172) 57-65-53, кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандарына (мүліктің меншік иелері бірлестіктері, жай серіктестік, пәтерлер иелерінің кооперативтері) көшу мәселелері бойынша – 8 (7172) 57-65-51 (Астана қаласын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қоңырау шалу ақылы).
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 11 тамызына дейінгі мерзімде көрсетілген ақпаратты облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің ресми ресурстарында қайта орналастыруды және орналастырылғаны жайлы электрондық мекенжайға: n.bulekov@miid.gov.kz хабарлауды сұраймыз.