Референдумда дауыс беру учаскесін айқындау тәртібі

Референдумда дауыс беру учаскесін айқындау тәртібі

2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға дайындық шеңберінде Алматы облысында тұрғындар арасында кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда. Өңір тұрғындарына дауыс беру тәртібі, учаскеге тіркелу және дауыс беруге арналған есептен шығару куәлігін алу жолдары туралы жан-жақты мәлімет берілуде.

Алматы облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Мейрамгүл Айтова азаматтардың тіркелген жерінен тыс жерде дауыс беру тәртібін түсіндірді.

- «Егер азамат 15 наурыз күні өзінің тіркелген жерінен тыс жерде болса, онда 14 наурыз күні сағат 18:00-ге дейін өз учаскелік комиссиясына жазбаша өтініш беріп, жеке куәлігін көрсетуі қажет. Өтініш негізінде есептен шығару куәлігі беріледі. Бұл құжат референдум күні нақты болатын жері бойынша учаскеде дауыс беруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар есептен шығару куәлігін сенімхат арқылы өкіл де ала алады, бұл ретте сенімхатты нотариалды куәландыру талап етілмейді. Құжат жоғалған жағдайда ол қалпына келтірілмейді және телнұсқа берілмейді. Бір елді мекен шегінде басқа учаскеде дауыс беру үшін есептен шығару құжаттары берілмейді», - деді Мейрамгүл Айтова.

Референдум учаскесін қалай білуге болады?

Алматы облысының тұрғындары өздерінің дауыс беру учаскесі туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде бірнеше тәсіл арқылы ала алады:

  • ресми веб-сервис арқылы ЖСН енгізу жолымен;

  • бірыңғай iKomek байланыс орталығы арқылы (109);

  • облыстың учаскелері көрсетілген ақпараттық-анықтамалық карта арқылы;

  • Telegram-бот арқылы.

Call-орталықтардың байланыс нөмірлері (жұмыс уақытында):

Алматы облысы – 109

Қонаев қаласы – 8 (72772) 22111

Алатау қаласы – 8 (727) 3042629

Балқаш ауданы – 8 (72773) 95496

Еңбекшіқазақ ауданы – 8 (72775) 20777

Жамбыл ауданы – 8 (72770) 22340

Іле ауданы – 8 (72752) 20892

Қарасай ауданы – 8 (72771) 29981

Кеген ауданы – 8 (72777) 21170

Райымбек ауданы – 8 (72779) 21994

Талғар ауданы – 8 (72774) 21284

Ұйғыр ауданы – 8 (72778) 21739

 

Облыс әкімдігі тұрғындарды референдумға белсенді қатысуға шақырады.