2024 жылдың қорытындысы бойынша қоршаған ортаны қорғау бағытында басқарма келесі көлемде өз қызметін атқарды.
Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы желтоқсандағы шешімімен бекітілген Алматы облысының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес басқарма өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау бағдарламаларын басқаруды жүзеге асырады.
Қоршаған орта сапасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу мониторингінің бірінші кезеңі жүргізілді, сынамаларды алу хаттамалары, өлшеу және сынақ хаттамалары, зертханалық сынақтар мен натуралды өлшемдерді, фотоматериалдар мен нәтижелерді кеңселік өңдеуді қамтитын есептер жасалды.«Ренессанс плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандарымен 2024 жылдың шілде-қазан айларында Қонаев, Талғар, Есік қалаларында, сондай-ақ Өтеген батыр, Қаскелең, Ұзынағаш, Есік, Кеген, Чунжа, Нарынқол және Бақанас аудан орталықтарында далалық зерттеулер жүргізілді.2024 жылы қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу мониторингіне жергілікті бюджеттен 30,0 млн.теңге қаражат бөлінді. 2024 жылғы 7 қаңтардағы № 24 көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартқа сәйкес жұмыстар белгіленген мерзімде уақтылы аяқталды.Балқаш көлінің экожүйесін сақтау, Іле өзенінің өткізу қабілетін арттыру, Іле-Балқаш бассейнінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында жыл сайын өзен арналарын тереңдету және механикаландырылған тазалау жұмыстары жүргізіледі. 2024 жылдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 540,4 млн.теңгенің жұмысы аяқталды.(Анықтама үшін: оның ішінде: 1. Балқаш ауданындағы Бестамақтан Шұбарқұнан арқылы өтетін Жиделі, Қосқызыл, Асаубай арналарын тереңдету және механикаландырылған тазалау; 2. Балқаш ауданындағы Ранда арнасын механикаландырылған тазалау; 3. Балқаш ауданындағы Топар-1, Топар-2 каналдарының кіріс арнасын механикаландырылған тазалау; 4. Балқаш ауданындағы Топар арнасын (15 км) механикаландырылған тазалаудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу).Жалпы экологиялық жағдайды жақсарту, су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау мақсатында: · Үлкен-Ақсу өзенінің, Кіші-Ақсу өзенінің, Долайтты өзенінің, Қақпақ өзенінің, Күмейтті өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеуге жалпы сомасы 7,3 млн.теңгеге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді;· Ұзындығы 25 км Қонаев қаласының әкімшілік шекарасында облыстың 66 су объектісінің және бөлек Қапшағай су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленді. (Анықтама үшін: Алматы облысы әкімінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы No 453 және тиісінше 2023 жылғы 25 желтоқсандағы No 454 қаулылары қабылданды)2024 жылы Алматы облысы әкімдігінің келесі қаулыларына өзгерістер енгізілді: · 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 453 «Алматы облысының су қорғау аймақтарын, су объектілерінің белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың ерекше режимін белгілеу туралы»;· 2023 жылғы 17 тамыздағы № 278 «Алматы облысының су объектілерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың ерекше режимін белгілеу туралы».Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 37-бабының ережелеріне сәйкес Алматы облысының 2024-2028 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы индикаторлары әзірленіп, Алматы облыстық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы No 18-86 Шешімімен бекітілген.Кодекстің 204-бабын орындау мақсатында Алматы облысының 2025 жылғы бірінші жартыжылдықтағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын түзету жобасына халқы он мыңнан астам елді мекендерде атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының стационарлық көздерін түгендеу жөніндегі іс-шара енгізіледі.Оның түрлері бойынша экологиялық бағалау Кодекстің ережелеріне және тиісті нұсқаулықтарға сәйкес ұйымдастырылады және жүзеге асырылады. 2023 жылдан бастап оңайлатылған тәртіппен экологиялық бағалауды III санаттағы 326 нысанның операторлары жүргізді.Экономикалық/басқа қызметтің халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға ықтимал елеулі жағымсыз әсерінің алдын алу мақсатында 2023 жылдан бастап мемлекеттік экологиялық сараптама қызметі өз құзыреті шегінде 592 оң қорытынды берді, оның ішінде III санаттағы объектілерді салуға және/немесе пайдалануға жобалау құжаттамасы бойынша 326, Кодексте көзделген басқа да жобалау құжаттары бойынша 266.2023 жылдан бастап 261 қоғамдық тыңдау және 499 қоғамдық талқылау арқылы мемлекеттік экологиялық сараптаманың ашықтығы және қоғамның қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға қатысуы қамтамасыз етілді.2023 жылдан бастап II санаттағы объектілерге қоршаған ортаға әсер етуге 163 экологиялық рұқсат берілді, 76 экологиялық рұқсаттың күші жойылса, 1 экологиялық рұқсаттың сот шешімімен жойылу фактісі бар және «Е-лицензиялау» порталы арқылы декларанттардан қоршаған ортаға әсер ету туралы 324 декларация қабылданды.2023 және 2024 жылдары операторлардың қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін облыстық бюджетке төлеген төлемі тиісінше 1403,3 және 1582,8 млн.теңгені құрады.