Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
  1. Балалар мен жасөспірімдер Алматы облысы бойынша Арт спорт бағдарламасы арқылы тегін спорттық секцияларға қалай тіркеліп, қатыса алады?

-   Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларына сәйкес баланың заңды өкілі ретінде ваучер алу үшін Сізге «artsport.kz» сілтемесі арқылы ақпараттық жүйеге тіркелу қажет. Ваучер, ақпараттық жүйе оны алған бала туралы ақпаратты тіркейтін, бала қабылданатын өнім берушінің спорттық секциясын және балаға бөлінетін қаржыландыру көлемін көрсететін бірегей нөмір болып табылады. Берілген ваучер туралы ақпарат электрондық хабарлама арқылы баланың заңды өкіліне жіберіледі. Спорт секциясына қабылдау кезегі ақпараттық жүйеде автоматты режимде жүргізіледі және баланың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), өтініштің нөмірі мен берілген күні көрсетілген ваучер алуға кезекте тұрғандардың тізімін, сондай-ақ өнім берушінің ұсынған мәліметтері негізінде бөлуге берілген орындардың тізімін қамтиды. Кезек өнім берушінің әрбір спорт секциясына жеке қалыптастырылады және балалардың заңды өкілдері берген өтініштерден тұрады. Кезектегі өтініштер олардың берілген күні бойынша, секундқа дейінгі дәлдікпен сұрыпталады, жеңілдіктері жоқ және бір-біріне қатысты тең мәнді болады.

    НҚА-ға сілтеме: Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 120 бұйрығы.

    А.Тугай (87786649790)  

  1. Аккредиттелген спорт федерациялардан спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбелік жоспарына спорттық жарыстарға өзгерістер бекіту тәртібі?

- Бірыңғай республикалық және бірыңғай өңірлік күнтізбеге мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ спорт федерациялары есебінен қаржыландырылатын халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстар, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралар енгізіледі. Бірыңғай республикалық және өңірлік күнтізбе 9 құрылымнан тұрады.

      Атап айтқанда:

      1) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстың, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараның атауы;

      2) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстың, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараның өткізілу мерзімі және орны;

      3) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысатын ұйымдар;

      4) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысатын команда құрамы;

      5) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық іс-шараларға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысатын спортшылар саны;

      6) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысатын жаттықтырушылар саны;

      7) Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысатын төрешілер және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге мамандар саны;

      8) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысты, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараны ұйымдастырушы;

      9) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысушыларды іссапарға жіберуші ұйымдар.

      Бірыңғай өңірлік күнтізбеге ұсыныстарды алдағы жылға енгізу үшін дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органға алдағы жылға 1 желтоқсанға дейін спорт түрлерінен жергілікті аккредиттелген спорт федерациялары береді.Спорттық іс-шараны бірыңғай республикалық және өңірлік күнтізбеге енгізу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:1) спорт түрінен (түрлерінен) республикалық, өңірлік, жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларының өтінішхаты; 2) ақпаратты осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша.

      НҚА-ға сілтеме: Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 294 "Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы

       А.Бектрумова (87074960484)

3.Спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруды келісу, оларды Алматы облысының спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына өзгерістер енгізу тәртібі ?

      -   Бірыңғай республикалық және өңірлік күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар мынадай жағдайларда енгізіледі:

     1) халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде өткізілетін спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралардың өткізілу мерзімдері мен (немесе) орындарының, қатысушылар санының өзгеруі;

     2) жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстардың өткізілу мерзімдері мен (немесе) орындарының, қатысушылар санының өзгеруі;

     3) республикалық, өңірлік аккредиттелген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша бірыңғай республикалық күнтізбеге және жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша бірыңғай өңірлік күнтізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларды өткізілу мерзімдері мен (немесе) орындарының, қатысушылар санының өзгеруі;

     4) республикалық немесе аймақтық немесе жергілікті аккредиттелген спорт федерациясының бастамасымен.

      Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі іс-шаралар, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралар Бірыңғай республикалық күнтізбе мен Бірыңғай өңірлік күнтізбеден халықаралық спорт федерацияларының және (немесе) республикалық, өңірлік және жергілікті аккредиттелген спорттық федерациялардың іс-шараларды өткізуден бас тартқан жағдайларда алып тасталады. Бірыңғай күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу республикалық немесе өңірлік аккредиттелген спорт федерацияларының, сондай-ақ дене шынықтыру-спорт ұйымдарының өтінішхаты бойынша іске асырылады.Бірыңғай өңірлік күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органның бұйрығымен енгізіледі. Бірыңғай өңірлік күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органның бұйрығымен енгізіледі.  Атап айтқанда айына бір реттен артық енгізілмейді. Сондай-ақ, дене шынықтыру-спорт ұйымдарының спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесіне өзгерістер мен толықтырулар сол ұйым басшысының бұйрығымен енгізіледі.

    НҚА-ға сілтеме: Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 294 "Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы

     Е. Кулжабаев (87717764969)

  1. Алматы облысында Арт спорт бағдарламасы арқылы балаларға тегін спорт секциясына ваучер алу кезегі қалай қозғалады?

   - Спорт секцияларына орындарды бөлу тәртібі балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларының 2-параграфымен реттеледі.Спорт секцияларында орындар босатылған жағдайда өнім беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде олар бойынша мәліметтерді ақпараттық жүйеге енгізеді. Бос орындарға ақпараттық жүйе баланың заңды өкіліне спорт секциясына қабылдау үшін электрондық ваучер бере отырып, балалар арасында олардың кезектілігіне сәйкес бөледі. Спорт секциясына қабылдау кезегі ақпараттық жүйеде автоматты режимде жүргізіледі және баланың және заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), спорттық секцияның түрі, өтініштің нөмірі мен уақыты, секундтың үлесіне дейін дәлме-дәл, кезектегі реттік нөмірін қамтиды.  Сондай-ақ ақпараттық жүйе ұсынған мәліметтер негізінде бөлуге арналған орындардың тізімін қамтиды. Кезек әрбір спорт секциясы бойынша жеке қалыптастырылады және балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың заңды өкілдерінің берген өтініштеріне сәйкес жүргізіледі.

   НҚА-ға сілтеме:  Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 120 бұйрығы.

  А.Тугай (87786649790)