2025 жылғы 17 мамыр күні Қонаев қаласының орталық алыңында «Адал азамат, адал жеңіс» акциясы аясында жүгіріс марафоны өткізілді

2025 жылғы 17 мамыр күні Қонаев қаласының орталық алыңында «Адал азамат, адал жеңіс» акциясы аясында жүгіріс марафоны өткізілді

2025 жылғы 17 мамыр күні Қонаев қаласының орталық алыңында  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен бірлесе Республикалық «Адал азамат, адал жеңіс» акциясы аясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай  жеңіл атлетикалық жүгіру  марафоны өткізілді.Жүгіріс марафонында  облысымыздың әр аймағынан жалпы 1000 астам адам қамтылды. 5,5 шақырымдық жүгіру қаланың көркем көшелерімен өтіп, спорттық толқулар мен ынтымақтастық атмосферасын құрды. 

Іс-шараның құрметті қонақтары қатарында Қазақстанның атақты спортшылары: ауыр атлетикадан әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев; әлем чемпионаты мен Азия чемпионаттарының жүлдегері Корлан Жақанша; джиу-джитсудан әлем чемпионатының жүлдегері Любовь Темникова болды. 

Жүгіріс марафонына жалпы облыс тұрғындары, мемлекеттік қызметшілер, тағы да басқа мекемелердің өкілдері  қатысып, үш жас санатында (18-30, 30-45 және 45 жастан жоғары) бақтарын сынады. Жарыс жеңімпаздары мен қатысушылары арнайы естелік сыйлықтарымен, медаль, грамоталарымен марапатталды.

Іс-шараның мақсаты  салауатты өмір салтын насихаттау, еліміздегі ұлттық бірлікті нығайту, белсенді демалыс түрі ретінде сауықтыру жүгірісін насихаттау.