Алматы облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі салтанатты түрде бастау алды

Алматы облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі салтанатты түрде бастау алды

Алматы облысында 2025 жылғы 09 мамыр күні таңғы сағат 06:00 Бақанас тас жолының бұрылысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі салтанатты түрде бастау алды. Биыл бұл бәйге алғаш рет Алматы облысының аумағында өтуде. Марафонның мақсаты – қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, жылқы шаруашылығы мәдениетін және тарихи мұрасын насихаттау.

Биыл марафонға 19 команда қатысуда: 13 Қазақстан өңірлерінен, 6 шет елдерден келген. Олардың қатарында Оңтүстік Африка Республикасы, Венгрия, Иран, Қырғызстан және Татарстан (РФ) бар.

Марафон 5 күнге созылады. Әр күнгі кезең – 100 шақырымнан. Жалпы қашықтық – 500 шақырым. Маршрут Балқаш, Жамбыл және Іле аудандарының аумағы арқылы өтеді. Әр 50 шақырым сайын қатысушыларға арнайы демалыс аймақтары ұйымдастырылды.

«Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесінің жабылу салтанаты 2025 жылғы 14 мамыр күні сағат 17:00-де Қонаев қаласының орталық алаңында өтеді.