Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

Жиі қойылатын сұрақ

Қысқаша жауап

НҚА-ға сілтеме

1

Балалар мен жасөспірімдер Алматы облысы бойынша Арт спорт бағдарламасы арқылы тегін спорттық секцияларға қалай тіркеліп, қатыса алады?

 

 

Мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша спорт секциясына тегін қатысу үшін Сізге «artsport.edu.kz» сілтемесі арқылы ақпараттық жүйеге тіркелу қажет. Тіркелгеннен кейін Сізге балаға арналған ваучер беріледі.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100022631

 

 

 

 

Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 120 бұйрығы.

2

Аккредиттелген   спорт  федерациялардан спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбелік жоспарына спорттық жарыстарға өзгерістер бекіту тәртібі?

 

 

 

Бірыңғай өңірлік күнтізбе келесі жылға жергілікті атқарушы орган тарапынан әр жыл сайын желтоқсан айында бекітіледі.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400033985

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 294 "Спорттық-бұқаралық                                іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы

 

 

 

 

3

 

 

Спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруды келісу, оларды Алматы облысының спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына өзгерістер енгізу тәртібі ?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бірыңғай күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу республикалық немесе өңірлік аккредиттелген спорт федерацияларының, сондай-ақ дене шынықтыру-спорт ұйымдарының өтініш хаты бойынша іске асырылады. Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидасындағы 1-қосымша негізінде күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен енгізіледі.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400033985

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 294 бұйрығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

Мемлекеттік спорттық тапсырыстың орындалуы туралы эллектрондық есеп қалай қаралады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Эллектронды есепті қарау тәртібі «artsport.edu.kz»  ақпараттық жүйесінде  автоматты режимде жүргізіледі.

Ұсынылған құжаттардың толықтығы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес тексеріледі.

Электрондық есеп талаптарға сәйкес келген жағдайда, өнім берушіге көрсетілген қызметтері үшін ақы төлеу осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасында көзделген мерзімдерде ай сайын жүргізіледі.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100022637

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 121 бұйрығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5

Спорттық-бұқаралық іс-шараны ұйымдастыру үшін әкімдікпен қандай көмек көрсетіледі?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Спорттық іс-шараларды өткізу Ережесіне сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады, сондай-ақ облыстық, қалалық және аудандық спорттық жарыстарды (бұдан әрі-жарыстар) ұйымдастыруды жүргізеді.

Жергілікті атқарушы орган Ережеге сәйкес барлық қажетті қауіпсіздік шараларын ескере отырып, жарыс жоспарын әзірлейді. Алғашқы медициналық көмек бригадасын, өртке қарсы қызметті және қоғамдық тәртіп қызметтерін ұсынады.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1400009930

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 74 бұйрығы

«Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекіту туралы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6

Спорттық разрядтарды, атақтар мен біліктілік санаттарын беру жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқарма тарапынан Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидат, 1-разрядты спортшы және біліктілік санаттары: біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, бірінші санатты жоғары деңгейдегі жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, орта санатты әдіскер біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі мемлекеттік қызметтері көрсетіледі.

Құжаттарды қабылдау Мемлекеттік корпорация, портал арқылы жүзеге асырылады.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1400009675

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығы «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Спортшыларға ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдері (шәкіртақы) қандай негізде және қалай жүзеге асырылады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұлттық құрама командалар құрамындағы спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы ақшалай қамтылым (стипендия) төлемдерінің тәртібі мен мөлшері белгіленген.

Ай сайынғы ақшалай қамтылым спортшының дайындық кезеңінде және келесі тиісті жарыстар өткізілгенге дейін, спорттық қызметін жалғастырып, ұлттық құраманың сапында болған жағдайда төленеді.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/G25TS000159

 

 

 

 

 

 

 

 

«Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақша қаражаты төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 11 тамыздағы № 159 бұйрығы