Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруға қатысу үшін жеткізушілерден өтінімдерді қабылдау қайта басталғаны туралы хабарлайды

       «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруға қатысу үшін жеткізушілерден өтінімдерді қабылдау қайта басталғаны туралы хабарлайды (бұдан әрі — МСT).

      Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 20–22 ақпан аралығында  МСТ-ны орналастырудың ақпараттық жүйесі artsport.edu.kz арқылы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі                 № 120 бұйрығымен бекітілген «Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру қағидалары және олардың жұмыс істеуі» қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.