
2026-2028 жылдарға басқарма бойынша – 59 672 млн. теңге қолданды, оның ішінде:
2026 жыл – 19 963 млн. теңге;
2027 жыл – 19 713 млн. теңге;
2028 жыл – 19 996 млн. теңге.
Басқарманың стратегиялық жоспары бойынша 2026-2028 жылдарға 6 бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыруға қаралғаны:
- ББ 001 «Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» - 510 млн. теңге. Шығындар басқарма аппаратының штаттық бірліктерін қамтамасыз етуге бағытталған (15 штаттық және 4 штаттан тыс бірліктердің еңбек ақысы мен бонус аударымдарымен, кеңсе тауарларын сатып алу, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс және интернет, бух. бағдарламалар қызметтеріне ақы, семинарлар, іссапар шығындары және пәтер төлемдері). (Оның ішінде 2026 – 168 млн. теңге, 2027 – 169 млн. теңге және 2028 – 173 млн. теңге).
- ББ 002 «Облыстық деңгейде спорт жарыстарын өткізу» - 3 899 млн. теңге. Шығындар облыстық іс-шараларды және әр түрлі спорт түрлері бойынша жарыстарды өткізуге, жоғары нәтижелерге қол жеткізген спортшыларға ай сайынғы ақшалай және "Бұқаралық спорт клубы" КММ-н қамтамасыз етуге бағытталған. (Оның ішінде 2026 – 1245 млн. теңге, 2027 – 1299 млн. теңге және 2028 – 1355 млн. теңге).
- ББ 003 «Әр түрлі спорт түрлері бойынша облыстың құрама командаларының мүшелерін дайындау және республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуы» - 18 878 млн. теңге. Шығындар республикалық және халықаралық әр түрлі спорт түрлері бойынша жарыстарын өткізуге және қатысуға, сонымен қатар «Алатау» спорт ойын түрлері клубы» КМҚК, «Ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы» КМҚК, «Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ, «Алматы облысының Олимпиядалық резервтер дайындау орталығы» КММ, «Алматы облысының спортты дамыту дирекциясы» КММ, «Алматы облысының дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спортты дамыту дирекциясы» КММ және «Спорт медицинасы және оңалту орталығы» КММ қамтамасыз етуге бағытталған. (Оның ішінде 2026 – 6055 млн. теңге, 2027 – 6359 млн. теңге және 2028 – 6464 млн. теңге).
- ББ 006 «Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру» - 30 977 млн. теңге. Шығындар 25 облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін ұстауға және ағымдағы жөндеу жұмыстарына (штаттық бірліктердің еңбек ақысы аударымдарымен, кеңсе және шаруашылық тауарларын, спорттық жабдықтар сатып алу, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс және интернет, бух. бағдарламалар қызметтеріне ақы, жаттықтырушылар мен спортшыларға іссапар шығындары), сондай-ақ, спорт секцияларын жан басына шаққандағы қаржыландыруға жұмсалады, (Оның ішінде 2026 – 10 222 млн. теңге, 2027 – 10311 млн. теңге және 2028 – 10444 млн. теңге).
- ББ 032 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» - 859 млн. теңге. Шығыстар ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың негізгі құралдарын (көлік құралдарын, спорттық жабдықтарды және басқаларын) сатып алуға бағытталған. (Оның ішінде 2026 – 642 млн. теңге, 2027 – 106 млн. теңге және 2028 – 111 млн. теңге).
- ББ 096 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау» - 4 549 млн. теңге. Қаражат мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына арналған: Алматы облысындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебін ұйымдастыру және пайдалану арқылы жаппай балалар спорт түрлерін дамыту. (Оның ішінде 2026 – 1 631 млн. теңге, 2027 – 1 469 млн. теңге, 2028 – 1 449 млн. теңге).
Жоғарыда аталған ББ-ларды іске асыру келесі мақсатты индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді: халықтың дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануы 43,0 %-ға және аймақтық инфрақұрылыммен 52,5 % қамтамасыз етіледі.