Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Спорт медицинасы және оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының бос лауазымына конкурс жариялайды

Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Спорт медицинасы және оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының бос лауазымына конкурс жариялайды

Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Спорт медицинасы және оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының бос лауазымына конкурс жариялайды.

«Спорт медицинасы және оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры медициналық қамтамасыз ету қызметін басқарады, қабылданған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ ұйым теңгеріміндегі мүліктің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына жауап береді.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

– кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім – медициналық мамандық;

– еңбек өтілі: медициналық мамандық бойынша кемінде 5 жыл.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

– конкурсқа қатысу туралы өтініш;

– мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

– еркін түрде жазылған өмірбаян;

– білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

– еңбек кітапшасының көшірмесі (болған жағдайда) немесе еңбек шартының, сондай-ақ соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдау және еңбек шартын бұзу туралы бұйрықтардың көшірмелері;

– белгіленген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

– сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығы және сотталмағандығы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттар 2026 жылғы 22 қаңтарға дейін Қонаев қаласы, 1-шағын ауданы, 45 «Г» мекенжайы бойынша немесе ao_oblsport56@mail.ru  электрондық поштасына жолдау арқылы қабылданады. Байланыс телефоны: 8 (705) 161-22-68.