Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Алматы облысының спортты дамыту дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бос лауазымдық орнын иеленуге конкурс жариялайды

Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Алматы облысының спортты дамыту дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  басшысының бос лауазымдық орнын иеленуге конкурс жариялайды

Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Алматы облысының спортты дамыту дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бос лауазымдық орнын иеленуге конкурс жариялайды

«Алматы облысының спортты дамыту дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Аллея Демалысы 2А мекен жайында орналасқан.

Басшы дене шынықтыру-спорт ұйымының өндірістік, әкімшілік, шаруашылық және қаржылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданған шешімдердің орындалуын, дене шынықтыру-спорт ұйымының балансындағы мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-экономикалық нәтижелерін қамтамасыз етеді.

Дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметінің саясатын, стратегиясын және оларды жүзеге асыру тетігін айқындайды;

Оқу-жаттығу және тәрбиелік процестерде спорттық-әдістемелік және материалдық-техникалық базаны ұйымдастырады және жетілдіреді және педагогикалық кеңестің жұмысына басшылық жасайды;

Дене шынықтыру-спорт ұйымының жұмыс жоспарын, спортты жетілдірудің әртүрлі кезеңдерінде спортшыларды даярлаудың жоспарларын және бағдарламаларын бекітеді;

Барлық құрылымдық бөлімшелердің олардың қызметін жетілдіруге бағытталған өзара тиімді іс-қимылы мен жұмысын ұйымдастырады, сондай-ақ олардың қызметін жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамытуға бағыттайды;

Жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар, нұсқаушылар және әдіскерлердің біліктілігін арттыруды, спортшыларды дайындау деңгейін және спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру мақсатында дене шынықтыру және спорт саласындағы шет елдің озық тәжірибесін зерделеуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;

Дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметінің жекелеген бағыттарын басқаруды лауазымды тұлғаларға – орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына жүктейді;

 Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, көтермелеу және жұмыстан босату туралы шешімдер қабылдайды, штаттық кестені, дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

Спортшылардың контингентін қалыптастырады, оқу-жаттығу және оқу-тәрбиелік процестері кезінде спортшылар мен дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтаудың қажетті жағдайларын жасайды;

Тиісті саланың уәкілетті органдарына дене шынықтыру-спорт ұйымының әкімшілік-шаруашылық және оқу-жаттығу қызметтерінің есебін ұсынады;

Дене шынықтыру-спорт ұйымының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, өнім берушілер, тапсырыс берушілер мен банктерді қоса алғанда кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісімшарттардың) орындалуын қамтамасыз етеді;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын ұйымдастырады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдауда дербес жауапкершілікте болады;

Спортшылар арасында және дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұжымдарында діни экстремизм мен терроризмнің таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.

Директор ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін басқарады, қабылданатын шешімдердің орындалуын, ұйымның теңгеріміндегі мүліктің қауіпсіздігі мен тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

Біліктілікке қойылатын талаптар: Кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: «Дене шынықтыру және спорт», «Бизнес, басқару және құқық» мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар;

Еңбек өтілі: Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың коммуналдық заңды тұлғалары үшін – дене шынықтыру және спорт саласында немесе дене шынықтыру және спорт саласында басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл, немесе Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін кемінде бес жыл, немесе дене шынықтыру және спорт саласында немесе Жұмыс органымен бекітілген шетелдік жоғары оқу орындарындағы басым мамандықтар бойынша немесе Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдар үшін басшылық лауазымдарда және «Дене шынықтыру және спорт», «Бизнес, басқару және құқық» мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар кадрларын даярлау бағыттарының бірі бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін кемінде үш жыл;

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: конкурсқа қатысу туралы өтініш, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме, еркін түрде баяндалған өмірбаяны, білімі туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының (болған жағдайда) не болмаса еңбек шартының немесе соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдануы және еңбек шартының бұзылуы туралы бұйрықтардан көшірме, белгіленген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама, сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының жоқтығы және сотталмағандығы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау 16.01.2026 ж. дейін  Қонаев қаласы,              1 шағын ауданы, 45 «Г» мекен жайы бойынша немесе ao_oblsport56@mail.ru электронды поштасына жолдау арқылы жүзеге асырылады.  

Байланыс телефондары: 87051612268.