Алматы облысында спорт саласының жыл қорытындысы бойынша дәстүрлі «Хан Тәңірі – 2025» үздіктерді марапаттау салтанатты рәсімі өткізілді

Алматы облысында спорт саласының жыл қорытындысы бойынша дәстүрлі «Хан Тәңірі – 2025» үздіктерді марапаттау салтанатты рәсімі өткізілді

26 желтоқсан күні Алматы облысында спорт саласының жыл қорытындысы бойынша дәстүрлі «Хан Тәңірі – 2025» үздіктерді марапаттау салтанатты рәсімі өтті. Қорытынды жиында жыл басынан бері жоғары нәтижеге қол жеткізген өңірдің 123 спортшысы, 72 жаттықтырушысы және 49 спорт маманы арнайы алғыс хаттарымен, төсбелгілерімен және ақшалай сертификаттарымен марапатталды.