Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
  1. Балалар мен жасөспірімдер Алматы облысы бойынша Арт спорт бағдарламасы арқылы тегін спорттық секцияларға қалай тіркеліп, қатыса алады?

       Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларына сәйкес баланың заңды өкілі ретінде ваучер алу үшін Сізге «artsport.kz» сілтемесі арқылы ақпараттық жүйеге тіркелу қажет. Ваучер, ақпараттық жүйе оны алған бала туралы ақпаратты тіркейтін, бала қабылданатын өнім берушінің спорттық секциясын және балаға бөлінетін қаржыландыру көлемін көрсететін бірегей нөмір болып табылады. Берілген ваучер туралы ақпарат электрондық хабарлама арқылы баланың заңды өкіліне жіберіледі. Спорт секциясына қабылдау кезегі ақпараттық жүйеде автоматты режимде жүргізіледі және баланың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), өтініштің нөмірі мен берілген күні көрсетілген ваучер алуға кезекте тұрғандардың тізімін, сондай-ақ өнім берушінің ұсынған мәліметтері негізінде бөлуге берілген орындардың тізімін қамтиды.

       Кезек өнім берушінің әрбір спорт секциясына жеке қалыптастырылады және балалардың заңды өкілдері берген өтініштерден тұрады. Кезектегі өтініштер олардың берілген күні бойынша, секундқа дейінгі дәлдікпен сұрыпталады, жеңілдіктері жоқ және бір-біріне қатысты тең мәнді болады.

       НҚА-ға сілтеме: балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 120 бұйрығы.

  1. Аккредиттелген спорт  федерациялардан спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбелік жоспарына спорттық жарыстарға өзгерістер бекіту тәртібі?

       Бірыңғай республикалық және бірыңғай өңірлік күнтізбеге мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ спорт федерациялары есебінен қаржыландырылатын халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстар, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралар енгізіледі.

     Бірыңғай республикалық және өңірлік күнтізбе  9 құрылымнан тұрады. Атап айтқанда:

      1) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстың, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараның атауы;

      2) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстың, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараның өткізілу мерзімі және орны;

      3) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысатын ұйымдар;

      4) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысатын команда құрамы;

      5) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық іс-шараларға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысатын спортшылар саны;

      6) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысатын жаттықтырушылар саны;

      7) Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысатын төрешілер және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге мамандар саны;

      8) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысты, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараны ұйымдастырушы;

      9) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысушыларды іссапарға жіберуші ұйымдар.

      Бірыңғай өңірлік күнтізбеге ұсыныстарды алдағы жылға енгізу үшін дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органға алдағы жылға                    1 желтоқсанға дейін спорт түрлерінен жергілікті аккредиттелген спорт федерациялары береді.

      Спорттық іс-шараны бірыңғай республикалық және өңірлік күнтізбеге енгізу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

     1) спорт түрінен (түрлерінен) республикалық, өңірлік, жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларының өтінішхаты;

   2)ақпаратты осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша.

НҚА-ға сілтеме: Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 294 "Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы

  1. Спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруды келісу, оларды Алматы облысының спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына өзгерістер енгізу тәртібі ?

     Бірыңғай республикалық және өңірлік күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар мынадай жағдайларда енгізіледі:

     1) халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде өткізілетін спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралардың өткізілу мерзімдері мен (немесе) орындарының, қатысушылар санының өзгеруі;

     2) жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстардың өткізілу мерзімдері мен (немесе) орындарының, қатысушылар санының өзгеруі;

     3) республикалық, өңірлік аккредиттелген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша бірыңғай республикалық күнтізбеге және жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша бірыңғай өңірлік күнтізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларды өткізілу мерзімдері мен (немесе) орындарының, қатысушылар санының өзгеруі;

     4) республикалық немесе аймақтық немесе жергілікті аккредиттелген спорт федерациясының бастамасымен.

      Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі іс-шаралар, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралар Бірыңғай республикалық күнтізбе мен Бірыңғай өңірлік күнтізбеден халықаралық спорт федерацияларының және (немесе) республикалық, өңірлік және жергілікті аккредиттелген спорттық федерациялардың іс-шараларды өткізуден бас тартқан жағдайларда алып тасталады.

      Бірыңғай күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу республикалық немесе өңірлік аккредиттелген спорт федерацияларының, сондай-ақ дене шынықтыру-спорт ұйымдарының өтінішхаты бойынша іске асырылады.

      Бірыңғай өңірлік күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органның бұйрығымен енгізіледі. Бірыңғай өңірлік күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органның бұйрығымен енгізіледі.  Атап айтқанда айына бір реттен артық енгізілмейді.

     Сондай-ақ, дене шынықтыру-спорт ұйымдарының спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесіне өзгерістер мен толықтырулар сол ұйым басшысының бұйрығымен енгізіледі.

    НҚА-ға сілтеме: Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 294 бұйрығы

  1. Мемлекеттік спорттық тапсырыстың орындалуы туралы эллектрондық есеп қалай қаралады?

    Басқарма өнім беруші электрондық есепті ұсынғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) Осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;

      2) дәлелді себептер бойынша баланың келмей қалуын осы Қағидалардың 8-тармағының талаптарына сәйкестігін тексереді;

      3) электрондық келу табелінде көрсетілген мүмкіндіктері шектеулі немесе ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың мәртебесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінің мәліметтеріне сәйкестігін тексереді;

      4) электрондық қатысу табелінде көрсетілген балалардың мәртебесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ақпараттық жүйесінің мәліметтеріне сәйкестігін тексереді.

    Ұсынылған электрондық есеп талаптарға сәйкес келген жағдайда, өнім берушіге көрсетілген қызметтері үшін ақы төлеу осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасында көзделген мерзімдерде ай сайын жүргізіледі.

    Қағидалардың 5 тармағына сәйкес электрондық есеп барлық балалар топтарына барудың электрондық табельдерін және осы Қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген, дәлелді себептер бойынша әрбір баланың келмей қалуын растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелерін қамтиды.

    Әрбір балаға келудің электрондық табелі оның заңды өкілімен электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе жеке кабинет арқылы немесе абоненттік нөмірге бір реттік пароль арқылы қысқа мәтіндік хабарлама түрінде расталады.

     Оператор электрондық есепті мақұлдағаннан кейін өнім беруші электрондық шот-фактура мен көрсетілген қызметтер актісін ұсынады, олар цифрландыру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) төлеуге электрондық шотты қалыптастыру үшін негіз болып табылады. Мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру міндеттерін жүзеге асыратын ақпараттық жүйе электрондық шот-фактураларды ұсыну, оларды келісу, оператор мен өнім беруші арасында қол қою және күшін жою міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржы саласындағы уәкілетті орган қазынашылығының ақпараттық жүйесімен интеграцияланады.

НҚА-ға сілтеме: Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 121 бұйрығы

  1. Спорттық-бұқаралық іс-шараны ұйымдастыру үшін әкімдікпен қандай көмек көрсетіледі?

     Спорттық іс-шараларды өткізу Ережесіне сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады, сондай-ақ облыстық, қалалық және аудандық спорттық жарыстарды (бұдан әрі-жарыстар) ұйымдастыруды жүргізеді.Жарысты аккредиттелген спорт федерациялары жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша өткізеді. Жыл сайын спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбелік жоспары қалыптастырылады. Бұдан әрі жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларының жарысты өткізу туралы ережесі әзірленеді және оны жергілікті атқарушы орган бекітеді. Жергілікті атқарушы орган Ережеге сәйкес барлық қажетті қауіпсіздік шараларын ескере отырып, жарыс жоспарын әзірлейді. Алғашқы медициналық көмек бригадасын, өртке қарсы қызметті және қоғамдық тәртіп қызметтерін ұсынады. Әр спорт түріне сәйкес спорттық инфрақұрылыммен, спорттық құрал-саймандармен және керек-жарақтармен қамтамасыз етеді, спорттық іс-шараның жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшін кубоктар, дипломдар мен медальдар беріледі, жарыстың салтанатты ашылуы мен жабылуын ұйымдастырады. Спортшылардың оқу орындарына және олардың жаттықтырушыларына жұмыс орындарына жарысқа қатысқаны туралы анықтамалар қамтамасыз етеді.

    НҚА-ға сілтеме: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 74 бұйрығы «Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекіту туралы»

  1. Спорттық разрядтарды, атақтар мен біліктілік санаттарын беру жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру

       Басқарма тарапынан Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидат, 1-разрядты спортшы және біліктілік санаттары: біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, бірінші санатты жоғары деңгейдегі жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, орта санатты әдіскер біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі мемлекеттік қызметтері көрсетіледі.

     НҚА-ға сілтеме: Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығы «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы»

  1. Спортшыларға ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдері (шәкіртақы) қандай негізде және қалай жүзеге асырылады?

Ұлттық құрама командалар құрамындағы спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы ақшалай қамтылым (стипендия) төлемдерінің тәртібі мен мөлшері белгіленген.

Ай сайынғы ақшалай қамтылым спортшылар мен жаттықтырушыларды қолдаудың және олардың еңбегін материалдық тұрғыдан ынталандырудың мемлекеттік нысаны болып табылады. Бұл төлемдер Қазақстан Республикасының намысын халықаралық ареналарда қорғап жүрген спортшылар мен жаттықтырушылардың ресми республикалық және халықаралық жарыстарға сапалы дайындалуын қамтамасыз етуге, жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуге деген ынтасын арттыруға, бағытталған.

Ай сайынғы ақшалай қамтылымның мөлшері спортшының жетістіктер деңгейіне және оның Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарында, әлем және Азия чемпионаттарында және өзге де халықаралық жарыстарда көрсеткен нәтижелеріне байланысты белгіленеді. Төлем мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) еселенген шамасында айқындалып, спорт түріне, жарыс деңгейіне және алушының мәртебесіне — спортшы немесе жаттықтырушы болуына қарай сараланады.

Ай сайынғы ақшалай қамтылым спортшының дайындық кезеңінде және келесі тиісті жарыстар өткізілгенге дейін, спорттық қызметін жалғастырып, ұлттық құраманың сапында болған жағдайда төленеді.

     НҚА-ға сілтеме: «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақша қаражаты төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 11 тамыздағы № 159 бұйрығы