Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Қарасай аудандық ұлттық және ат спорты түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының бос лауазымдық орнын иеленуге конкурс жариялайды (Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Гоголя көшесі 66)
Біліктілікке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: «Дене шынықтыру және спорт», «Бизнес, басқару және құқық» мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар;
Еңбек өтілі:
қалалық, аудандық коммуналдық заңды тұлғалар үшін – дене шынықтыру және спорт саласында немесе басшылық лауазымдарда кемінде бір жыл, не Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін кемінде бес жыл еңбек өтілі, не дене шынықтыру және спорт саласында немесе Жұмыс органымен бекітілген шетелдік жоғары оқу орындарындағы басым мамандықтар бойынша немесе Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдар үшін басшылық лауазымдарда және "Дене шынықтыру және спорт", "Бизнес, басқару және құқық" мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар кадрларын даярлау бағыттарының бірі бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін кемінде екі жыл еңбек өтілі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: конкурсқа қатысу туралы өтініш, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме, еркін түрде баяндалған өмірбаяны, білімі туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының (болған жағдайда) не болмаса еңбек шартының немесе соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдануы және еңбек шартының бұзылуы туралы бұйрықтардан көшірме, белгіленген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама, сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының жоқтығы және сотталмағандығы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау 14.11.2025 ж. дейін Қонаев қаласы, 1 шағын аудан, 45 «Г» мекен жайы бойынша немесе ao_oblsport56@mail.ru электронды поштасына жолдау арқылы жүзеге асырылады. Байланыс телефондары: 87051612268.