Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Алатау» спорттың ойын түрлері бойынша клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымын иеленуге конкурс жариялайды

Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Алатау» спорттың ойын түрлері бойынша клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымын иеленуге конкурс жариялайды

Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Алатау» спорттың ойын түрлері бойынша клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымын иеленуге конкурс жариялайды (Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Ажимуратов көшесі 8)

Директор ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін басқарады, қабылданатын шешімдердің орындалуын, ұйымның теңгеріміндегі мүліктің қауіпсіздігі мен тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: «Дене шынықтыру және спорт» немесе бизнес және басқару, құқық мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар;

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі, оның ішінде дене шынықтыру және спорт саласында басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: конкурсқа қатысу туралы өтініш, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме, еркін түрде баяндалған өмірбаяны, білімі туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының (болған жағдайда) не болмаса еңбек шартының немесе соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдануы және еңбек шартының бұзылуы туралы бұйрықтардан көшірме, белгіленген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама, сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының жоқтығы, сотталмағандығы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау 18.10.2025 ж. бастап 28.10.2025 ж. аралығында https://talapker.e-qazyna.kz/kz/start  сайты арқылы жүзеге асырылады. Байланыс телефоны: 87051612268.