Алматы облысында 2025 жылғы 11–21 қыркүйек күндері аралығында Республикалық «Ақ бидай – 2025» VIII ауыл спорты ойындары өткізілді. Жарыстар Қонаев қаласы мен Талғар, Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандарын қамтыды. VIII спартакиаданың салтанатты ашылуы рәсімі нағыз қазақы, олимпиадалық сипатта өтіп, салтанатты шеру ұйымдастырылды. Төрт жылда бір рет өтетін бұл ауқымды іс-шараға 17 облыстан 2000-нан астам спортшы қатысып, 20 ұлттық және бұқаралық спорт түрлерінен өзара бәсекеге түсті.
Нәтижесінде, жалпы командалық есеп бойынша:
I орын - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ (498 ұпай)
II орын - АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ (428 ұпай )
III орын - БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ (385 ұпай)