Алматы облысы, Қарасай ауданында ағымдағы жылғы 26-29 маусым күндері аралығында комбат дзю-дзюцудан Әлем кубогы өткізілді. Аталған Халықаралық іс-шараға 12 мемлекеттен 250 спортшы қатысып, үздік спортшылар бақтарын сынады. Алматы облысының құрамасы жоғары нәтижеге қол жеткізді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы медаль , грамоталарымен мараппаталды.