Алматы облысында «Қымызмұрындық - 2025» фестивальі аясында Республикалық «Жолан жүйрігі» ат бәйгесі өткізілді

Алматы облысында «Қымызмұрындық - 2025» фестивальі аясында Республикалық «Жолан жүйрігі» ат бәйгесі өткізілді

2025 жылғы 21 маусым күні Кеген ауданының Қарқара жайлауында «Қымызмұрындық - 2025» фестивальі аясында Республикалық «Жолан жүйрігі» ат бәйгесі өткізілді. Дүбірлі жарыста құнан, топ және аламан бәйгеден еліміздің үздік шабандоздары өзара бақтарын сынады. Сондай-ақ, бәйге бағдарламасы аясында қазақ күресінен палуандар белдесуі және дәстүрлі садақ атудан жарыстар ұйымдастырылды. Барлық жеңімпаздар диплом, медаль, кубок және ақшалай сертификаттарымен марапатталды.