Бюджеттің онлайн мониторингі

Бюджеттің онлайн мониторингі

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)» РМК-мен бірлесіп, «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулі арқылы тәуекелдерді басқару саласында жұмыстар жүргізуде. Алдын алу шараларының нәтижесінде 2025 жылдың басынан дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелерде жалпы сомасы 202 900,3 мың теңгеге 182 төлем бойынша тәуекелдер тексерілді.

Тексеру нәтижесі бойынша «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ «Қарасай ауданының «Үшқоныр» балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ қызметкеріне 5 000,0 мың теңге көлемінде артық қаражат аударылғаны анықталды. Қаражат бюджетке қайтарылып, бұзушылыққа жол берген қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ретінде «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-не тәукелдер анықталған әрбір ведомстволық бағыныстағы мекеме бойынша уақытылы ден қою, кейіннен бақылау және бюджет қаражатының жұмсалуында бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды тәртіптік жауапкетшілікке тарту үшін апта сайын хабарлама жібереді.

Тәуекелдерді басқару және қаржылық бақылау жүйесін пайдалану арқылы бюджеттің онлайн мониторингі бүгінде мемлекеттік қызметтің әртүрлі салаларында тәуекелдерді бағалауға және бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік беретін жедел аудиттің кезеңдерінің біріне айналды.